Әкімінің есеп беру кездесулері

 

Тихоокеан ауылдық округінің әкімімен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген түйткілді мәселелер Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы
2023 жылдың шілдесінде

Көтерілген сұрақтар

Шешімі

Шешім қабылдау уақыты

Жауапты орындаушы (ЖАО құрылымдық бөлімшесі)

Толтыру формасы

Ескерту/Орындау

Өнеркәсіп АРХИТЕКТУРА, ҚҰРЫЛЫС, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ПТ және АД
1.  Су мұнарасының жұмысы, және тарату желілері арқылы ауыз суды жеткізу туралы. Су мұнарасын іске қосу және тарату желілері арқылы ауыз суды жеткізу. 2023 жылғы 25 тамыз

Тихоокеан ауылдық округінің аппараты

Тихоокеан ауылдық округі әкімінің ақпараты

 

Тихоокеан ауылдық округінің әкімі Е. Бәкіров

Құрметті Тихоокеан ауылдық округінің тұрғындары!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес әр елді мекенде ауылдық округ әкімінің тоқсан сайын кемінде бір кездесуі өткізілетін болады, оның барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағытының негізгі бағыттары туралы хабардар етілетін және проблемалық мәселелерді шешу жолдары мен мерзімдерін түсіндіретін болады. Халықтың сұрақтары мен ұсыныстарын алдағы кездесулерге әлеуметтік желілерге, Тихоокеан ауылдық округі әкімінің ресми интернет-ресурсына электрондық мекенжайға жіберу тәсілі: tihiyakim2010@mail.ru, телефон нөміріне: 8(71536)77118, әлеуметтік желілерге: 
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0Nj

Халықпен кездесулер өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі.

Тихоокеан ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 3 тоқсандағы халық алдындағы тұрақты кездесулерінің кестесі:

2023 жылғы 17 шілде сағат 11:00-де жеке үйі Алдабергеновтың С.Е., Алабота ауылының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

2023 жылғы 19 шілде сағат 11:00-де Севастопольская БМ, Шункырколь ауылының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

2023 жылғы 21 шілде сағат 11:00-де Тихоокеанская НМ, Тихоокеан ауылының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

 

2023 жылғы аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің халықпен тұрақты кездесулерінің КҮНТІЗБЕСІ 

Тайынша ауданының
әкімі

13 ақпан,
дүйсенбі

15 мамыр,
дүйсенбі

7 тамыз,
дүйсенбі

6 қараша,
дүйсенбі

Тихоокеан а/о,
Тихоокеан а.,
НМ
11.00

Тихоокеана/о
Алабота а.,
С.Е. Алдабергеновтың
жеке тұрғын үйі
11.00

Тихоокеан а/о
Шұңқыркөл а.,
БМ
11.00

Тихоокеан а/о,
Тихоокеан а.,
НМ
11.00

2023 жылы Тихоокеан ауылдық округі әкімінің халық алдындағы тұрақты кездесулерінің кестесі

2023 жылғы 1 тоқсан

2023 ж. 16 қаңтар с. 11.00

Алабота а., Алдабергенова С.Е. жеке үйі

2023 ж. 18 қаңтар с. 11.00

Шункырколь а., Севастопольская БМ

2023 ж. 20 қаңтар с. 11.00

Тихоокеанское а., Тихоокеанское НМ

2023 жылғы 2 тоқсан

2023 ж. 10 сәуір с. 11.00

Алабота а., Алдабергенова С.Е. жеке үйі

2023 ж. 12 сәуір с. 11.00

Шункырколь а., Севастопольская БМ

2023 ж. 14 сәуір с. 11.00

Тихоокеанское а., Тихоокеанское НМ

2023 жылғы 3 тоқсан

2023 ж. 17 шілде с. 11.00

Алабота а., Алдабергенова С.Е. жеке үйі

2023 ж. 19 шілде с. 11.00

Шункырколь а., Севастопольская БМ

2023 ж. 21 шілде с. 11.00

Тихоокеанское а., Тихоокеанское НМ

2023 жылғы 4 тоқсан

2023 ж. 16 қазан с. 11.00

Алабота а., Алдабергенова С.Е. жеке үйі

2023 ж. 18 қазан с. 11.00

Шункырколь а., Севастопольская БМ

2023 ж. 20 қазан с. 11.00

Тихоокеанское а., Тихоокеанское НМ

Тихоокеан ауылдық округі әкімінің есебі Бакіровтың Е.М., ауылдық округтің тұрғындарына

Ағымдағы 1 қаңтар 2023 жылдың жағдайы бойынша Тихоокеан ауылдық округінде 3 елді – мекен, Тихоокеанское, Шұңқыркөл Алабота да – 609 адам.

Жыл сайын ауыл аумағында абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша үш айлық өткізілуде. 2022 жылы ауылдық округ әкімі ауыл аумағындағы абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша алдағы айға іс-шаралар жоспарын құрып, санитарлық тазалау және жұмыстар жүргізілді.

Тихоокеан ауылындағы «Агрофирма Эксимнан» ЖШС –мен бірлесіп, 10 шақырым ауылішілік жолдарды толтыру жән профильдеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың шілде айында көшені жарықтандыруға, Зеленая көшесіне сметалық құжат әзірленіп, 4 млн. 850 мың теңге сомасында «Бейсенов» ЖК –мен келісім-шарт жасалып, 30 электр шамы орнатылды.

Ағымдағы жылдың маусым айында «ІІМ» ЖК – мен келісім-шарт жасалған, ол 2 миллион 380 мың теңгеден бастап Тихоокеан ауылындағы балалар алаңы құрыды.

Ұлы Отан соғысының 77-жылдығы мерекесіне орай қарттар күніне қайырымдылық сенбіліктері өткізілді.

Округте экономиканың негізін ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру құрайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі 58542 га, егістік – 53203 га, жайылым – 4733 га, қалғаны-606 га

Ауылдық округ аумағында қазіргі таңда – 3 ТОО, 59 шаруа және 17 шаруа қожалығы бар. Ауа райының қолайсыздығына байланысты биылғы жыл шаруалар үшін өте қиын болғанымен, астық және майлы дақылдардан өсірілген өнім жиналды.

Әлеуметтік – экономикалық жаңғыртудың негізгі міндеттерінің бірі халықты жұмыспен қамту стратегиясы, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» бағдарламасының негізгі бағыттары кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін құру, жұмыспен қамтуға, көмек көрсетуге, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу. Қоғамдық жұмысқа 2 адам.

Қарттар күнін мерекелеуге орай Тихоокеан ауылында «Агрофирма Эксимнан» ЖШС – і барлық 61 зейнеткерлерге, азық-түлік пакеті бөлінді, бір азық-түлік пакетінің сомасы 6 мың теңгені құрады. «Ахгүл» және «Еламан» дүкені 3 азық-түлік пакеті бөлінді.

Ауылдық округ аумағында екі мектеп,Тихоокеан негізгі мектебі және Севастополь бастауыш мектебі бар, 51 оқушы оқиды. Білім беру жүйесінде 34 адам жұмыс істейді. Мектептерде компьютерлік сыныптар бар, интернетке қосылу және телефон байланысы бар.

Тихоокеан негізгі мектебінде «Балапан» бағдарламасы бойынша шағын орталық жұмыс істейді және 20 бала қатысады.

Тихоокеан негізгі мектебінде оқыту толықтай мемлекеттік тіл-қазақ тілінде, Севастополь бастауыш мектебі орыс тілінде оқытылады.

Есепті баяндамамның соңында айтарым, округтегі көмектесетін: ЖШС «Агрофирма Эксимнан» басшысы Тасмаганбетов Б.И., шаруа қожалықтарына – Маметхан Д., Зиядин М.Ж., Сабуров А.М., Закенаев Е.А., Кушлык В.А., тағы басқа азаматтарға алғысымды білдіремін.

Тихоокеан ауылдық округінің әкімі Е.М. Бәкіров

Құрметтi Тихоокеан ауылдық округiнiң тұрғындары Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округi әкiмiнiң 2022 жылға арналған халықпен кезектi  кездесулерiнiң кестесi

ҚР Президентiнiң 2022 жылғы 03 наурыздағы  N 826 Жарлығына сәйкес,  әр елдi-мекендерде тоқсан сайын кем дегенде бiр ауылдық округ әкiмiнiң жиналысы өткiзiлiп, онда халықты толғандыратын әлеуметтiк мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағытының негiзгi бағыттары туралы ақпараттар берiлiп, тұрғындарға түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi.

Проблемалық мәселелердi шешу жолдары мен мезгiлдерi.

Проблемалық мәселелер пулын құру үшiн тұрғындардың өтiнiштерi мен ұсыныстарын жинақтайтын комиссия құрылды, оның iшiнде қоғамдастық жиналысы мүшелерiнiң қатысуымен және қоғамдық кеңестерде халықпен кездесуде болады.

Алдағы кездесулерде тұрғындардың сауалдары мен ұсыныстарын әлеуметтiк желiлерде, Тихоокеан ауылдық округi әкiмi аппаратының ресми интернет-ресурсында жолдаудың бiр жолы: tihiyakim2010@mail.ru электрондық пошта мекен-жайына: 8(715-36)77-118 телефон нөмiрiне.

Әлеуметтiк желiлер де https://www.facebook.com/tihiyakim.akimat.3.

Әкiмiнiң халықпен әр кездесуiнiң соңында азаматтарды қабылдау жүргiзiледi.

2022 жылдың сәуiрi

2022 жылдың 15 сәуiрi 11:00, Алабота, жеке үй Алдабергенов С.Е.

2022 жылғы 19 сәуiр 10:00 Шұңқыркөл, медициналық пункт ғимараты, 

2022 жылғы 25 сәуiр сағат 10:00-де Тихоокеан ауылы "Агрофирма Эксимнан" ЖШС Мәдениет үйiнiң ғимаратында.

2022 жылдың шiлдесi

2022 жылдың 12 шiлдесi сағат 11:00-де Алаботада , Алдабергенов С.Е. жеке үйiнде.

2022 жылдың 14 шiлдеде 10:00-де "Агрофирма Эксимнан" ЖШС демалыс базасының ғимаратында.

2022 жылдың қазаны

2022 жылдың 11қазан 11:00-де Алабота, Алдабергенов С.Е. жеке үйiнде,

2022 жылдың 13 қазан 10:00-де Шұңқыркөл медициналық пункт ғимаратында.

2022 жылдың 18 қазан 10:00-де Тихоокеан ауылының "Агрофирма Эксимнан" ЖШС Мәдениет үйiнiң ғимаратында өтедi.

2021 жылдың қаңтар-ақпанындағы барлық деңгейдегі әкімдердің Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының халқы алдында есеп берудің желілік кестесі

Акимы с/о, города районного значения

Тайыншинского района

Қаңтар

25 қаңтар

дүйсенбі

26 қаңтар

дүйсенбі

27 қаңтар

дүйсенбі

28 қаңтар

дүйсенбі

29 қаңтар

дүйсенбі

30 қаңтар

дүйсенбі

Тихоокеана/о,

Алабота а.,

С.Е. Алдабергеновтің жеке үйі

 14.00 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпан

1 ақпан

дүйсенбі

2 ақпан

дүйсенбі

3 ақпан

дүйсенбі

4 ақпан

дүйсенбі

5 ақпан

дүйсенбі

6 ақпан

дүйсенбі

 

Тихоокеана/о,

Тихоокеанское а.,

Шұңқыркөл,

12.00 с.

Онлайн

https://www.facebook.com/tihiyakim.akimat.3

 

 

 

 

  

Ақпарат 2020 жылы тұрғылықты пунктілердің бар проблемалары жөнінде Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округ әкімінің, ауылдық округ әкімдерінің жұмысы туралы тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулерін және пікірлері үшін жәшіктерді орналастыру туралы

А/о атауы Тұрғылықты пунктінің атауы Тұрғындардың саны Орнатылған жәшіктердің саны Жәшікті орнату орны
15 Тихоокеан ауылдық округі Тихоокеан а. 380 2 ауылдық округ ғимараты (1 қабат, фойе), мектеп (1 қабат, фойе)
Алабота а. 66 1 жеке үй
Шұңқыркөл а. 182 2 мектеп ғимараты (1 қабат, фойе), медпункт (1 қабат, фойе)

Есеп беру
Тихоокеан ауылдық округi әкiмiнiң мiндетiн атқарушы Ерлан Михашұлы Бакиров

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына Тихоокеан ауылдық округiнiң аумағында 3 елдi мекен орналасқан, Тихоокеан, Шұңқыркөл, Алабота оларда 628 адам тұрады.

Ауылдық округтiң негiзгi экономикалық бөлiгi ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiру. Ауылдық округтiң ауыл шаруашылығы алаңы — 58542 гектар, егiстiк — 53203 гектар. Қазiргi кезде ауылдық округтiң аумағында 3 ЖШС, 41 шаруа қожалығы және 16 фермерлiк шаруашылық бар. Округта мал шаруашылығы қарқынды дамуда, мал мен құстардың саны өсуде. Округтiң тұрғындары барлық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерiне белсендi қатысады.

Осы жылы ауылшаруашылық техникасына 75 млн.тенге көлемiнде инвестициялық субсидиялар берiлдi.

Мал шаруашылығын ашу үшiн Бастау-Бизнес бағдарламасы бойынша несие алды: ЖК «Нургалиев Рашид.» Алабота ауылы, 2 млн. теңге сомасында, 7 бас iрi қара мал сатып алды, 1 жаңа жұмыс орны ашылды. ШК «Негметжан.» Тихоокеан ауылы, 3 млн. 600 мың теңге сомасында, 12 бас iрi қара мал, 1 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсiпкерлер жұмысын дамыту барысында 5 адам 2 млн. 650 мың тенге сомасында грант алды.

«Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, қоғамдық жұмыста 5 адам, жастар практикасында 4 адам жұмыс iстедi. Осы бағдарламаның екiншi бағыт бойынша мал шаруашылығын дамыту, техника сатып алу үшiн Шұңқыркөл ауылынан Дель Светлана Геннадьевна сомасы 4,0 млн. теңге несиеге 1 трактор сатып алды, 1 жаңа жұмыс орны ашылды.

«Аймақты дамыту» бағдарламасы бойынша Тихоокеан, Шұңқыркөл және Алабота ауылдарында түнгi электржарығын үнемдеу үшiн, көшелерге светодиодалық 23 жарықшам орнатылды, сметалық құны 921429 теңге. 2020 жылға Тихоокеан ауылында көшелiк тренажер орнатуға сомасы 1084 мың теңгеге жобалық-сметалық құжат дайындалды, 2020 жылдың маусым айында платформа орнатылды.

Ауылдық округ төңiрегiнде 2 мектеп бар, Тихоокеан негiзгi мектебi, Севостопол бастауыш мектебi, онда 46 оқушы бiлiм алып жатыр, даярлық сыныбында 3 бала окуда. Бiлiм жүйесiнде 43 адам жұмыс iстейдi. «Балапан» бағдарламасы бойынша шағын орталықтар жұмыс iстейдi, оған 25 бала барады.

Тихоокеан медпунктiнде жедел жәрдем машинасы бар. Ұлы Отан соғысының 75-жылдық мерекесiне, қарттар күнiне арналып қайырымдылық сенбiлiктер өткiзiлдi. Аудандық ардагерлер ұйымының басшысы Попова Нина Владимировнамен қоян-қолтық жұмыс жүргiзiп, ардагерлерге құрмет көрсетiлiп отырады.

Есептi баяндамамның соңында айтарым, округтегi өткiзiлетiн шараларға, мейрамдарда көңiл бөлiп көмектесетiн: ЖШС «Агрофирма Эксим Нан» басшысы Пелюх Б.С., шаруа қожалықтарына — Маметхан Д., Зиядин М.Ж., Сабуров А.М., Шакратов А.Ш., Закенаев Е.А. тағы басқа азаматтарға алғысымды бiлдiремiн.

2020 жылдың қаңтар-ақпанындағы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп берудің желілік кестесі

Тихоокеан ауылдық округ әкімі Қаңтар
13 қаңтар дүйсенбі 14 қаңтар сейсенбі 15 қаңтар сәрсенбі 16 қаңтар бейсенбі 17 қаңтар жұма 18 қаңтар сенбі
      Тихоокеан а/о, Шұңқыркөл а. БМ, 10.00 с.    
      Тихоокеан а/о, Алабота а., С.Е. Алдабергеновтың жеке үйі 14.00 с.    
Тайынша ауданының әкімі Қаңтар
27 қаңтар дүйсенбі 28 қаңтар сейсенбі 29 қаңтар сәрсенбі 30 қаңтар бейсенбі 31 қаңтар жұма сенбі
  Тихоокеан а/о, Тихоокеан а., НМ, 11.00 с.        
Ақпан
3 ақпан дүйсенбі 4 ақпан сейсенбі 5 ақпан сәрсенбі 6 ақпан бейсенбі 7 ақпан жұма 1 ақпан сенбі
Аудан әкімінің қорытынды есеп беру кездесуі Тайынша қ., АМҮ, 15.00 с.          

Ақпарат 2020 жылы тұрғылықты пунктiлердiң бар проблемалары жөнiнде Тайынша ауданы әкiмiнiң, ауылдық округ әкiмдерiнiң жұмысы туралы тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулерiн және пiкiрлерi үшiн жәшiктердi орналастыру туралы

А/о атауы Тұрғылықты пунктінің атауы Тұрғындардың саны Орнатылған жәшіктердің саны Жәшікті орнату орны
1 Тихоокеан ауылдық округі Тихоокеан а. 389 2 ауылдық округ ғимараты (1 қабат, фойе), мектеп (1 қабат, фойе)
Алабота а. 65 1 жеке үй
Шұңқыркөл а. 240 2 мектеп ғимараты (1 қабат, фойе), медпункт (1 қабат, фойе)

«Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округiнiң 2019 жылғы әлеуметтiк-экономиканың дамуы және 2020 жылғы келешектегi жоспарлар туралы» Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округi әкiмiнiң есебi

Құрметтi округ тұрғындары!

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан жағдайына Тихоокеан ауылдық округiнiң аумағында 3 елдi мекен орналасқан, Тихоокеан, Шұңқыркөл, Алабота оларда 694 адам тұрады.

Ауылдық округтiң негiзгi экономикалық бөлiгi ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiру. Ауылдық округтiң ауыл шаруашылығы алаңы — 58542 гектар, егiстiк — 53203 гектар. Қазiргi кезде ауылдық округтiң аумағында 12 ЖШС, 59 шаруа қожалығы және 17 фермерлiк шаруашылық бар. Округта мал шаруашылығы қарқынды дамуда, мал мен құстардың саны өсуде. Округтiң тұрғындары барлық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерiне белсендi қатысады.

Мал шаруашылығын ашу үшiн Бастау-Бизнес бағдарламасы бойынша несие алды: ЖК «Кенжебаева Ж.В.» Тихоокеан ауылы, 1,8 млн. теңге сомасында, 6 бас iрi қара мал сатып алды, 1 жаңа жұмыс орны ашылды. ЖК «Несiпбаева А.Ж.» Тихоокеан ауылы, 1,190 млн. теңге сомасында, 2 бас iрi қара мал, 15 қой сатып алды, 1 жаңа жұмыс орны ашылды. «Онлайн сертификат» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын ашу үшiн несие алды: ЖК «Иманбердинова К.С.» Тихоокеан ауылынан 1,5 млн. тенге сомасы, 5 бас iрi қара мал сатып алды, 1 жаңа жұмыс орны ашылды. «Жас кәсiпкер» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын ашу үшiн несие алды: ЖК «Баделхан Хулыбек» Тихоокеан ауылынан 1,0 млн. тенге сомасы, 3 бас iрi қара мал сатып алды, 1 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсiпкерлер жұмыс iстеу үшiн 757500 теңге сомасында үш грант алды.

«Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын жүсеге асыра отырып, қоғамдық жұмыста 2 адам, жастар практикасында 5 адам жұмыс iстедi. Осы бағдарламаның екiншi бағыт бойынша мал шаруашылығын дамыту, техника сатып алу үшiн Шұңқыркөл ауылынан Дель Светлана Геннадьевна сомасы 4,0 млн. теңге несиеге 1 трактор сатып алды, 1 жаңа жұмыс орны ашылды. Жаңа жобадағы атаулы әлеуметтiк көмек алған отбасылар округте  — Тахыр Жәнiбек, Кокенай Дамел и Горбачева Е.С.

Ауылдық округте келесi инфрақұрылымды объектiлер жұмыс iстейдi: 4 кәсiпкерлiк сауда, 1 тамақтану бөлiмшесi, 1 шағын наубайхана. Округте пошта байланыс бөлiмшесi жұмыс iстейдi. Өмiр талабына сай басты бiр шарт сапалы ауыз су болып табылады. «Ауыз су» бағдарламасы аясында округ тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiлген. Тихоокеан ауылдық округiнде автокөлiк жолдары 58 шақырымды құрайды. 2019-2020 жылдарға Ясная Поляна ауылынан бастап, Тихоокеанское, Шұңқыркөл, Көкшетау-Омбы дейiнгi автокөлiк жолдарына орта жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Жыл сайын ауылдық округтiң аумағын жабдықтау және санитарлық тазалау жөнiндегi үш айлық өткiзiледi. Фермерлiк қожалық «Мәлiк» аулалардан қи-қоқыстарды шығаруға көмектестi. «Аймақты дамыту» бағдарламасы бойынша Тихоокеан, Шұңқыркөл және Алабота ауылдарында түнгi электржарығын үнемдеу үшiн, көшелерге светодиодалық 23 жарықшам орнатылды, сметалық құны 921429 теңге. 2020 жылға Тихоокеан ауылында көшелiк тренажер орнатуға сомасы 1084 мың теңгеге, 2019 жылдың қазан айында жобалық-сметалық құжат дайындалды.

Ауылдық округ төңiрегiнде 2 мектеп бар, Тихоокеан негiзгi мектебi, Севостопол бастауыш мектебi, онда 57 оқушы бiлiм алып жатыр, даярлық сыныбында 3 бала окуда. Бiлiм жүйесiнде 43 адам жұмыс iстейдi. Мектептерде компьютерлiк класстар, ғаламторға шығу және телефон жүйесi жұмыс iстейдi. «Балапан» бағдарламасы бойынша шағын орталықтар жұмыс iстейдi, оған 25 бала барады.

Медицина қызметiнде 2 адам жұмыс iстейдi. Тихоокеан медпунктiнде жедел жәрдем машинасы бар. Ұлы Отан соғысының 74 жылдық мерекесiне, қарттар күнiне арналып қайырымдылық сенбiлiктер өткiзiлдi. Аудандық ардагерлер ұйымының басшысы Попова Нина Владимировнамен қоян-қолтық жұмыс жүргiзiп, ардагерлерге құрмет көрсетiлiп отырады. Сыйлықтар: Матчени Валентина Ивановнаға — Шұнқыркөл ауылынан, Бурковский Антон Мартыновичке, Панченко Вера Контантиновнаға — Алабота ауылынан берiлдi. Мерейлi той иелерi: Шаханова Сараға, Горецкий Станислав Витольдовичке — 75 жасқа, Апиева Дамешке — 85 жасқа толуына байланысты, туған күндерiне естелiк сыйлықтар берiлдi.

Есептi баяндамамның соңында айтарым, округтегi өткiзiлетiн шараларға, мейрамдарда көңiл бөлiп көмектесетiн: ЖШС «Агрофирма Эксим Нан» басшысы Пелюх С.Б., шаруа қожалықтарына – Маметхан Д., Зиядин М.Ж., Сабуров А.М., Шакратов А.Ш., Закенаев Е.А. тағы басқа азаматтарға алғысымды бiлдiремiн.

Ауылдық округ әкiмi Қ. Кипасов

Хабарландыру

2019 жылғы 15 қаңтардан 8 ақпанға дейін барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулерін өткізу кезеңінде, халықтың сұрақтары мен ұсыныстарын қабылдау үшін бірыңғай tainsha-akimat@sko.gov.kztainsha-akimat@mail.ru электронды пошталары жұмыс істейді.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес өтініш беру кезінде міндетті түрде аты-жөніңізді, тұрғылықты мекенжайыңызды, жұмыс орнын көрсету қажет. Жасырын өтініштер мен ұсыныстар қаралмайды.

Ақпарат 2019 жылы тұрғылықты пунктілердің бар проблемалары жөнінде Тихоокеан ауылдық округ әкімінің жұмысы туралы тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулерін және пікірлері үшін жәшіктерді орналастыру туралы

А/о атауы Тұрғылықты пунктінің атауы Тұрғындардың саны Орнатылған жәшіктердің саны Жәшікті орнату орны
1 Тихоокеан ауылдық округы Тихоокеан а. 490 4 ауылдық округ ғимараты (1 қабат, фойе), мектеп (1 қабат, фойе), медпункт (1 қабат, фойе), «Агрофирма Эксимнан» ЖШС наубайханасы (1 қабат, фойе)
Алабота а. 71 1 жеке үй
Шұңқыркөл а. 287 2 мектеп ғимараты (1 қабат, фойе), медпункт (1 қабат, фойе)

2019 жылдың қаңтар-ақпанындағы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп берудің желілік кестесі

Акимы с/о, города районного значения Тайыншинского района Қаңтар
14 қаңтар
дүйсенбі
15 қаңтар
сейсенбі
16 қаңтар
сәрсенбі
17 қаңтар
бейсенбі
18 қаңтар
жұма
19 қаңтар
сенбі
    Тихоокеан а/о, Шұңқыркөл а. НМ, 10.00 с.      
    Тихоокеан а/о, Алабота а., С.Е. Алдабергеновтың жеке үйі 14.00 с.      
Аким Тайыншинского района Ақпан          
дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі 1 ақпан
жұма
сенбі
        Тихоокеан а/о, Тихоокеан а., ОМ, 10.00 с.  
           

Тихоокеан ауылдық округінің әкімі Қ.С. Кипасовтың 2018 жылда атқарылған жұмысы туралы есеп беру баяндамасы

Құрметті жерлестер!

Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 5 қазанда «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жыл сайынғы Жолдауын Қазақстан халқына ұсынды. Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты. Біздің стратегиялық мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу, — деп көрсетті. Біріншіден — төменгі еңбек ақыны 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге өсіру, яғни 50%-ден көп жоғарылайды. Президент айтқан барлық бастамалары — білім, денсаулық, адамның тұрмыс сапасын арттыру және көп салаларды қамтыды. 2019 жылды Мемлекет басшысы Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Бұл деген — біздің жастардың дамуына және өркендеуіне жаңа серпін береді.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан жағдайына Тихоокеан ауылдық округінің аумағында 3 елді мекен орналасқан, Тихоокеан, Шұңқыркөл, Алабота, оларда 848 адам тұрады, соның ішінде Тихоокеан ауылында 490 адам, Шұңқыркөл ауылында 287 адам, Алабота ауылында 71 адам. Жалпы тұратын тұрғындар ішінен зейнеткерлер саны — 117 адам, мүгедектер — 18 адам, студентер — 35 адам, 18 жасқа дейінгі балалар — 237 адам. Басқалары экономикалық белсенді, еңбекке жарамды тұрғындар — 441 адам.

Ауыл шаруашылығы

Ауылдық округтің негізгі экономикалық бөлігі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру. Ауылдық округтің ауыл шаруашылығы алаңы 58542 гектар, егістік — 53203 гектар, жайылымдық жер — 4733 гектар, қалғаны басқа жерлер — 606 гектар. Қазіргі кезде ауылдық округтің аумағында 10 ЖШС, 59 шаруа қожалығы және 17 фермерлік шаруашылық бар.

Округта мал шаруашылығы қарқынды дамуда, мал мен құстардың саны өсуде. Қазіргі уақытта үй шаруашылығында 1900 — бас ірі қара мал, 171 — шошқа, 2484 — қой, ешкі, 545 — жылқы, 3468 — құс бар. Округтің тұрғындары барлық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне белсенді қатысады, ауыл тұрғындары және ауыл шаруашылық өндірушілері 75,2 миллион теңгеге азық түліктерін сатты.

Бастау-Бизнес бағдарламасы бойынша несие алды:

ЖК «Сьезхан Мұхамед» Тихоокеан ауылы, 1,25 млн. теңге сомасында, 4 — бас ірі қара мал сатып алды, 1 жаңа жұмыс орны ашылды ЖК «Навихан Алпамыс» Тихоокеан ауылы, 1,0 млн. теңге сомасында, 4 — бас ірі қара мал сатып алды, 1 жаңа жұмыс орны ашылды

Әлеуметтік қорғау

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын жүсеге асыра отырып, қоғамдық жұмыста 7 адам, жастар практикасында 3 адам жұмыс істеді. Осы бағдарламаның екінші бағыт бойынша мал шаруашылығын ашуына «Нығметжан» фермерлік қожалығы Тихоокеан ауылында Закенаев Ербол Абайұлы сомасы 4,0 млн. теңгеге 16-ірі қара мал сатып алды, 3 жаңа жұмыс орны ашылды. Жаңа жобадағы атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылар округте жоқ.

Кәсіпкерлік

Ауылдық округте келесі инфрақұрылымды объектілер жұмыс істейді: 4 кәсіпкерлік сауда, 1 тамақтану бөлімшесі, 1 шағын наубайхана. Округта тұрғындардың электржарығымен 100% қамтамасыз етілді. Округтің елді мекендерінде барлығы 23 шам бар. Телефон байланысын заман талабына сай жетілдірініп, көптеген жұмыстар атқарылуда. Сондықтан округ тұрғындары сапалы байланыс жүйесін және интернетті қолдана алады. Интернетті толық қолдану үшін жаңа нүктелер керек. Округте пошта байланыс бөлімшесі жұмыс істейді. Өмір талабына сай басты бір шарт сапалы ауыз су болып табылады. «Ауыз су» бағдарламасы аясында округ тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.Тихоокеан ауылдық округінде автокөлік жолдары 60 шақырымды құрайды.. Жол сапасының нашар болуына байланысты автобус қатынасы «Көкшетау-Тихоокеан» 2018 жылдың 1 сәуірнен тоқтаған. Сондықтан жол жөндеу жұмыстарының шешілуін күтудеміз.

Елдімекенді жабдықтау

Жыл сайын ауылдық округтің аумағын жабдықтау және санитарлық тазалау жөніндегі үш айлық өткізіледі. Ауылдық округтің әкімімен 2018 жылы ауылдық аумақтағы елді-мекендерде жабдықтау және санитарлық тазалау бойынша үш айлықты жүргізу үшін іс-шаралар жоспары әзірленіп, жұмыстар жүргізілді. Фермерлік қожалық «Отан» аулалардан қи-қоқыстарды шығаруға көмектесті. «Аймақты дамыту» бағдарламасы бойынша Тихоокеан ауылында ішкіауылдық орталық көшенің жолына ағымдық жөндеу жұмыстары сметалық құны 877 500 теңгеге жүргізілді. Ұлы Отан соғысының 73 жылдық мерекесіне, қарттар күніне арналып қайырымдылық сенбіліктер өткізілді. 2019 жылға Тихоокеан, Шұңқыркөл және Алабота ауылдарында түнгі электржарығын үнемдеу үшін, сомасы 1032 мың теңгеге диодалық жарық шамдар жоспарланып, 2018 жылдың қараша айында жобалық-сметалық құжаттар дайындалды.

Білім

Ауылдық округ төңірегінде 2 мектеп бар, Тихоокеан орта мектебі, Севостопол негізгі мектебі, онда 70 оқушы білім алып жатыр, даярлық сыныбында 15 бала окуда. Білім жүйесінде 63 адам жұмыс істейді. Мектептерде компьютерлік класстар, ғаламторға шығу және телефон жүйесі жұмыс істейді. «Балапан» бағдарламасы бойынша шағын орталықтар жұмыс істейді, оған 25 бала барады.

Денсаулық сақтау

Округте 3 денсаулық сақтау объектілері жұмыс істейді. Медицина қызметінде 4 адам жұмыс істейді. Тихоокеан медпунктінде аптека және жедел жәрдем машинасы бар.

Тихоокеан ауылдық округінің әкімі
Қ. Кипасов

2018 жылдың қаңтар-ақпанындағы Тихоокеан ауылдық әкiмiнiң халық алдында есеп берудiң желiлiк кестесi

Тихоокеанауылдық округі Қаңтар
15
дүйсенбі
16
сейсенбі
17
сәрсенбі
18
бейсенбі
19
жұма
20
сенбі
    Шұнқыркол а. ОШ, 10.00 с. .    
    Алабота,а. жеке үй Алдабергенова С.Е.,14.00 с.      
Ақпан
2
жұма
         
Тихоокеан а.,ОМ, 10.00 с.          
             
             

2018 жылдың қаңтар айында халық алдында Тихоокеан ауылдық округiнiң әкiмi Қ.С. Кипасовтiң есебi

Елбасы, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтарда «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабiлеттiлiк» жыл сайынғы Жолдауын Қазақстан халқына ұсынды. Бұл жаңғыру — болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенiмдi көпiр болмақ. Ол Ұлт жоспары — «100 нақты қадам» базасында өткiзiледi және бес негiзгi басымдықты атап көрсеттi. Олар: бiрiншi басымдық — экономиканың жеделдетiлген технологиялық жаңғыртылуы, екiншi басымдық — бизнес-ортаны түбегейлi жақсарту және кеңейту, үшiншi басымдық — макроэкономикалық тұрақтылық, төртiншi басымдық — адами капитал сапасын жақсарту, бесiншi басымдық — институционалдық өзгерiстерге, қауiпсiздiкке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтардағы жағдайына Тихоокеан ауылдық округiнiң аумағында 3 елдi мекен орналасқан, Тихоокеан, Шұңқыркөл, Алабота, оларда 831 адам тұрады, соның iшiнде Тихоокеан ауылында 474 адам, Шұңқыркөл ауылында 284 адам, Алабота ауылында 73 адам. Жалпы тұратын тұрғындар iшiнен зейнеткерлер саны — 128 адам, мүгедектер — 21 адам, студентер — 35 адам, 18 жасқа дейiнгi балалар — 213 адам. Басқалары экономикалық белсендi, еңбекке жарамды тұрғындар — 434 адам.

Ауыл шаруашылығы

Ауылдық округтiң негiзгi экономикалық бөлiгi ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiру. Ауылдық округтiң ауыл шаруашылығы алаңы 58542 гектар, егiстiк — 53203 гектар, жайылымдық жер -4733 гектар, қалғаны басқа жерлер — 606 гектар. Қазiргi кезде ауылдық округтiң аумағында 8 ЖШС жұмыс iстейдi: «Эксимнан», «Аян», «СТЮ АГРО», «Ерсұлтан-Агро», «Тихоокеанское-2015», «Ақылбай и К», «Астана-2010» және «Шұғыла-LTD». 15 фермерлiк шаруашылық және 55 шаруа қожалығы бар.

Округта мал шаруашылығы қарқынды дамуда, мал мен құстардың саны өсуде. Қазiргi уақытта үй шаруашылығында 1891 — бас iрi қара мал, 170 — шошқа, 2472 — қой, ешкi, 545 — жылқы, 3468 — құс бар. Округтiң тұрғындары Петропавл қаласында өтетiн барлық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерiне белсендi қатысады, ауыл тұрғындары және ауыл шаруашылық өндiрушiлерi 96,8 миллион теңгеге азық түлiктерiн сатты.

Округте 3 ауылдық ауылшаруашылық тұтыну кооперативi құрылды, Тихоокеан ауылында «Урал-2020» кооперативi басшысы Тумурзин У.К. 9 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды, 254 сиыры бар. Шұңқыркөл ауылында «Ақбас» кооперативi басшысы Алимбекова Т.Ю. 6 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды, 162 сиыры бар. Алабота ауылында«Айым» кооперативi басшысы Сабиров К.Ж. 3 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды, 55 сиыры бар. Осы кооперативтердiң нәтижесiнде «Надежда» ЖШС Петровка ауылынан 2017 жылы тұрғындардан 312 тонна сүттi 24 960 мың теңгеге жинады.

Сыбаға бағдарламасы бойынша несие алды:

1. ФШ «Виктор» Алабота ауылы Гинтер Виктор Арминович сомасы 4,3 млн. теңгеге 23-iрi қара мал сатып алды, 3 жаңа жұмыс орны ашылды.

Бастау-Береке бағдарламасы бойынша несие алды:

1.ЖК «Жарылгап» Тихоокеан ауылы, Жарылгап Аманбай,сомасы 2 млн. теңгеге 11-жас iрi қара мал, 1 жаңа жұмыс орын ашылды.

Ырыс бағдарламасы бойынша несие алды:

1. ЖК «Сакен Танжарык» Тихоокеан ауылы, Сакен Танжарык сомасы 1,5 млн. теңгеге 6-iрi қара мал, 2 жаңа жұмыс орын ашылды.

2. ШҚ «Гулжан» Тихоокеан ауылы,Тумурзин Орал Қалымсейiтұлы сомасы 5,050 млн. теңгеге 19-iрi қара мал, 3 жаңа жұмыс орын ашылды.

3. ЖК «Эвелина»Шұңқыркөл ауылы Дель Светлана Геннадьевна сомасы 1,8 млн. теңгеге 8-iрi қара мал, 1 жаңа жұмыс орын ашылды.

4. ЖК «Аделина» Шұңқыркөл ауылы Алимбекова Татьяна Юрьевна сомасы 3,280 млн. теңгеге 16-iрi қара мал, 2 жаңа жұмыс орын ашылды.

5. ЖК «Амир» Шұңқыркөл ауылы Батталова Салтанат Нургазаевна сомасы 1,5 млн. теңгеге 7-iрi қара мал, 1 жаңа жұмыс орын ашылды.

Әлеуметтiк қорғау

«Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-20121 жылдарға арналған» бағдарламасын жүсеге асыра отырып, қоғамдық жұмыста 4 адам, жастар практикасында 3 адам жұмыс iстедi. Кәсiптiк дайындық және қайта оқытуға Петропавл қаласына 2 адам жiберiлдi. Осы бағдарламаның екiншi бағыты бойынша мал шаруашылығын бастау үшiн сомасы 4180 мың теңге несие алды: Алабота ауылынан Алдабергенов К.Е. — сомасы 1 млн. теңгеге 4-iрi қара мал, 1 жаңа жұмыс орын ашылды, ЖК «Береке» Назкенова А.К. — 2 млн. теңгеге 80-қой, 1 жаңа жұмыс орын, ЖК «Алдияр» Карибаев А.Ж. — 1,180 мың теңгеге 4-iрi қара мал сатып алды, 1 жаңа жұмыс орын ашылды. Атаулы әлеуметтiк көмек, Мемлекеттiк балалар жәрдемақысы және «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша әлеуметтiк көмек алған отбасылар округте жоқ. 2018 жылға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмекке дайындық жұмысы жүргiзiлiп жатыр.

Кәсiпкерлiк

Ауылдық округте келесi инфрақұрылымды объектiлер жұмыс iстейдi: 4 кәсiпкерлiк сауда, 1 тамақтану бөлiмшесi, 1 шағын наубайхана. Округта тұрғындардың электржарығымен 100 % қамтамасыз етiлдi. Округтiң елдi мекендерiнде барлығы 23 шам бар. Телефон байланысын заман талабына сай жетiлдiрiнiп, көптеген жұмыстар атқарылуда. Сондықтан округ тұрғындары сапалы байланыс жүйесiн және интернеттi қолдана алады. Интернеттi толық қолдану үшiн жаңа нүктелер керек. Округте пошта байланыс бөлiмшесi жұмыс iстейдi. Өмiр талабына сай басты бiр шарт сапалы ауыз су болып табылады. «Ауыз су» бағдарламасы аясында округ тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiлген.Тихоокеан ауылдық округiнде автокөлiк жолдары 60 шақырымды құрайды.. Жол сапасының нашар болуына байланысты автобус қатынастары «Көкшетау-Тихоокеан» және «Петропавл-Тихоокеан» 2017 жылы 3 сәуiрден бастап тоқтаған. Сондықтан жол жөндеу жұмыстарының шешiлуiн күтудемiз.

Елдiмекендi жабдықтау

Жыл сайын ауылдық округтiң аумағын жабдықтау және санитарлық тазалау жөнiндегi үш айлық өткiзiледi. Ауылдық округтiң әкiмiмен 2017 жылы ауылдық аумақтағы елдi-мекендерде жабдықтау және санитарлық тазалау бойынша үш айлықты жүргiзу үшiн iс-шаралар жоспары әзiрленiп, жұмыстар жүргiзiлдi. ШҚ «Негметжан» аулалардан қи-қоқыстарды шығаруға көмектестi. «Аймақты дамыту» бағдарламасы бойынша Тихоокеан ауылында мини-футбол алаңы салынды, сметалық құны 825 мың теңге. Ұлы Отан соғысының 72 жылдық мерекесiне, қарттар күнiне арналып қайырымдылық сенбiлiктер өткiзiлдi. 2018 жылға Тихоокеан ауылының iшкi жолдарын ағымдағы жөндеу үшiн сомасы 983 мың теңге, 2017 жылдың желтоқсан айында жобалық-сметалық құжаттар дайындалды.

Бiлiм

Ауылдық округ төңiрегiнде 2 мектеп бар, Тихоокеан орта мектебi, Севостопол негiзгi мектебi, онда 68 оқушы бiлiм алып жатыр. Бiлiм жүйесiнде 65 адам жұмыс iстейдi. Мектептерде компьютерлiк класстар, ғаламторға шығу және телефон жүйесi жұмыс iстейдi. «Балапан» бағдарламасы бойынша шағын орталықтар жұмыс iстейдi, оған 12 бала барады.

Денсаулық сақтау

Округте 3 денсаулық сақтау объектiлерi жұмыс iстейдi. Медицина қызметiнде 4 адам жұмыс iстейдi. Тихоокеан медпунктiнде дәрiхана бар және жедел жәрдем машинасы бекiтiлген.

Президент жолдауының негiзгi басымдықтарын орындау үшiн, ауылдық округтiң әкiмшiлiгi барлық шаралар мен жағдайлар жасалынады.

Мақаланы құрған күні 16.07.2018 09:58

Мақаланы жаңартқан күні 30.10.2023 10:21

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz