Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

Басты

Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округ әкiмi — Бәкіров Ерлан Михашұлы

Бәкіров Ерлан Михашұлы1963 жылы Көкшетау облысы Ленинград ауданының Айсара ауылында туған.

Екi жоғары бiлiмi бар, 1986 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын зооинженер бiлiктiлiгi бойынша, 2007 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын мемлекеттiк басқару бакалавры бiлiктiлiгi бойынша бiтiрген.

1998 жылғы мамырдан бастап 1993 жылғы наурызды қоса ауыл шаруашылығы саласында әр түрлi қызметтер атқарды: ветеринарлық санитар, зоотехник, мал шаруашылығы бригадирi, механизатор.

1993 жылғы наурыздан бастап 1998 жылғы қазанды қоса — «Чистяковский» сохозы директорының орынбасары, «Тихоокеан» совхозының бас зоотехнигi болып жұмыс iстедi.

2001 жылғы маусымнан бастап 2017 жылғы шiлденi қоса — Тайынша ауданының Тихоокеан ауылдық округiнiң әкiмi лауазымында жұмыс iстедi.

2017 жылғы шiлдеден бастап 2018 жылғы тамызды қоса — «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобильдiк жолдар бөлiмi» ММ басшысы.

2018 жылғы наурыздан бастап 2020 жылғы ақпанды қоса «Есiл су» ШЖҚ РМК «Нұра ГВ Булаев ПЭУ РЭУ-6» филиалының бастығы.

2020 жылдың 1 қазанынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданының әкімінің бұйрығы бойынша Тихоокеан ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Байланыс телефоны: 8(71536) 77-1-88

Сенiм телефоны: 8715-36-77-1-88

Электронды мекен-жайы: tihiyakim2010@mail.ru 

Тихоокеан ауылдық округi 151040 Солтүстiк Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тихоокеан ауылы, Садовая көшесi, 16.

Серiкбаева Гүлназ Серiкқызы: бас маман

Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тихоокеанск ауылдық округ әкiмiнiң азаматтарды қабылдау кестесi

Мемлекеттік мекеменің аталуы Азаматтарды қабылдауды өткізетін тұлғалардың Тегі, аты-жөні Азаматтарды қабылдауды өткізетін тұлғалардың лауазымы Азаматтарды қабылдау күні және уақыты Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері Байланыс телефоны
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тихоокеанск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ Бәкiров Ерлан Михашұлы Ауылдық округ әкімі Дүйсенбі сағат 10.00-ден сағат 13.00-ге дейін Сәрсенбі 10.00-ден сағат 13.00-ге дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданының Тихоокеанск ауылы 8 (71536) 77-1-88

Азаматтарды қабылдау кестесi тоқсан сайын бекiтiледi.

Ауылдық округтің мекен-жайы: 151040 СҚО Тайынша ауданы Тихоокеанское ауылы

Ауылдық округтің электрондық мекен-жайы: tihiyakim2010@mail.ru

Байланыс телефондары:

Ауылдық округ әкімі жұмыс телефоны: 77-1-88
үйы телефоны: 77-1-90

Ауылдық округ бас мамандың жұмыс телефоны: 77-1-18
үйы телефоны: 77-1-06

Жылжымалы құрамның үй малына соғылуынан кейiн мал жаю және әкiмшiлiк жауапкершiлiк қағидалары туралы

Темiр жолда иесiз үй жануарларының пайда болуы, әдетте, ауыр зардаптарға әкеледi және ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен жеке меншiк иелерi тарапынан жалпы қабылданған нормалар мен белгiленген мал жаю ережелерiне немқұрайлылық пен адалдықтың нәтижесi болып табылады. Жануармен соқтығысу темiржолдарда қараусыз жайылып жүрген малдың өлiмiне ғана емес, сонымен қатар локомотивтiң зақымдалуына байланысты қаржылық шығындарға, жолдың тиiстi кiдiрiсiне және жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалыс кестесiндегi ақауларға әкелуi мүмкiн. Ең бастысы, шұғыл тежеу нәтижесiнде жолаушылар мен локомотив бригадалары мүшелерiнiң өздерi жарақат алу қаупi бар.

Тайынша ауданының тұрғындарына, шаруа-фермерлiк шаруашылықтардың басшыларына мал жаюға рұқсат етiлген аумақта мал жаюды және шопанның немесе иелерiнiң өз қадағалауымен сұраймыз. Темiр жолдың бөлiнген белдеуiнде мал жаюға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады, жылжымалы құрамның малға соғылуы салдарынан құқық бұзушылыққа жол берген адамдар үшiн Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң 559-бабына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiк көзделген.

 

Call-center

Аудандық маңызды қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерi қызметiнiң тiзбесi

1 Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке қоюды ұйымдастыру;
2 Тірек мектептердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету (ресурстық орталықтар);
3 Облыс әкімдігіне (республикалық маңызды қала, елорда) сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде облыстың (республикалық маңызды қала, елорда) даму жоспарына енгізу үшін ұсыныстар енгізеді.
4 Ауданның жергілікті атқарушы органдарына (облыстық маңызды қала) жергілікті бюджет есебінен малдардың энзотикалық ауруларын алдын алу және диагностикалау жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
5 Ауылшаруашылық малдарды идентификациялау жөніндегі іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру және ауылшаруашылық малдарды идентификациялау бойынша мәліметтерін базасын жүргізу;
6 Ауылшаруашылық малдардың жеке нөмірлеріне қажеттікті белгілеу және ауданның жергілікті атқарушы органдарына, аудандық маңызды қалаға ақпаратты тапсыру;
7 Ветеринария мәселелері жөнінде халық арасында ағарту жұмысын жүргізу;
8 Ветеринарлық есепті және есептілікті жүргізу және ауданның жергілікті атқарушы органдарына (облыстық маңызды қала) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте ұсыну;
9 Сәйкес аумақта малдардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынысы бойынша карантин тәртібін немесе шектеу іс-шараларын енгізумен карантин зонасының ветеринарлық тіәртібін белгілеу туралы шешім қабылдау;
10 Сәйкес аумақта малдардың жұқпалы ауруларды жою жөніндегі ветеринарлық іс-шаралар кешенін өткізген соң бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынысы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантин тәртібін алу туралы шешім қабылдау;
11 Ауданның жергілікті атқарушы органдарына (облыстық маңызды қала) сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
12 Сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринарлық іс-шараларды жүргізу;
13 Ветеринария саласында қызметті іске асыратын ауданның жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекіту;
14 Малға ветеринарлық паспортты беру;
15 Ветеринарлық анықтама беру;
16 Малдардың аса қауіпті және энзотикалық ауруларына қарсы ветеринарлық іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету;
17 Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ветеринарлық құралдарды қызметтік бөлмелермен қамтамасыз ету;
18 Ауылшаруашылық малдарды идентификациялау бойынша мәліметтер базасынан көшірмелерді беру;
19 Биологиялық материалды тексеруге алу және ветеринарлық зертхана жеткізу;
20 Ауданның жергілікті атқарушы (әкімдіктер) органдарына (облыстық маңызды қала) ұсыныстар енгізу: агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды қалыптастыру; ауылшаруашылық малдардың ұстау және бағу ережелері бойынша;
21 Агроөнеркәсіп кешен субъектілеріне мемлекеттік агроазық-түлік саясатының және ауылдық аумақтарды дамытудың негізгі бағыттарын және механизмдерін түсіндіру бойынша жұмысты жүргізу;
22 Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленген тәртіпте ауылшаруашылық малдарды идентификациялауға қатысу;
23 Малдарды жасанды тұқымдандыру бойынша мемлекеттік құралдардың, мал өнімін және шикізатты, малды көметіе орындарды, арнайы қоймаларды, пестицидтерді, улы химикаттарды және бос ыдысты дайындауға көмек көрсету;
24 Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аумақтар саласындағы жедел ақпаратты жинау және оны ауданның жергілікті атқарушы (әкімдіктер) органдарына (облыстық маңызды қала) ұсыну;
25 Ауылшаруашылық санақты жүргізуге қатысу;
26 Шағын несиелеу бағдарламаларына қатысу үшін кірісі төмен тұлғаларды айқындау;
27 Елді мекен жерлерінде малды бағу орындарын белгілеу;
28 Жер Кодексінің 13 және 16 баптарымен қарастырылған жағдайлардан басқа жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру;
29 Жер Кодексінің 69 бабына сәйкес көпшілік сервитуттарды белгілеу;
30 Жер учаскелерін, соның ішінде мемлекеттік қажеттіктер үшін алу мәселесі жөнінде аудандық (қалалық) әкімдікке ұсыныстар енгізу;
31 Азаматтардың үндеулерін, өтініштерін, шағымдарын қарастырады, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;
32 Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдерді жинауға көмек көрсетеді;
33 Әкім аппараты әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды сәйкес мәслихатпен бекіту үшін жоғары тұрған әкімдікке ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді;
34 Әкім аппараты әкімгер болып табылатын стратениялық жоспарды және (немесе) бюджеттік бағдарламаны әзірлеуде Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызды қала) бюджетінің құрамында қарастырылған бағыттар бойынша жергілікті маңыздағы мәселелерді қаржыландыру жөнінде ұсыныстарды жергілікті қоғамдастықтың жиналысында талқылауға шығаруға құқықты;
35 Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын азаматтар мен заңды тұлғалардың орындауына жағдай жасау;
36 Өз құзыры шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
37 Аудандық маңызды қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сонымен қатар аудандық маңызды қалаларда, кенттерде, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының құрылысын, қайта жаңартуды, жөндеуді және ұстауды қамтамасыз етеді;
38 Аудандық маңызды қалаларда, кенттерде, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының құрылысын, қайта жаңартуды, жөндеуді және ұстауды қамтамасыз етеді;
39 Шаруа және фермерлік қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жағдай жасау;
40 Өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сонымен қатар жұмылдыру дайындығы және мобилизация мәселелері туралы заңнамасын орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
41 Республики Казахстан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әділет органдары жоқ жерлерде нотариалдық іс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
42 Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әділет органдары жоқ жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
43 Тарихи және мәдени мұраны сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады ;
44 Аз қамтылған отбасыларды айқындайды, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты қарт және еңбекке қабілетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
45 Қылмыстық-атқару инспекциясында есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
46 Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасау;
47 Қоғамдық көліктің қозғалысын ұйымдастырады;
48 Жедел медициналық жәрдем көрсету қажет болған жағдайда, дәрігерлік жәрдем көрсететін денсаулық сақтаудың жақын ұйымына науқастарды жеткізуді ұйымдастырады;
49 Жергілікті басқару органдарымен қарым-қатынас жасайды;
50 Шаруашылық ішілік есеп жүргізеді;
51 Жергілікті бюджетті бекітуде (нақтылауда) қала, аудан (облыстық маңызды қала) мәслихатының сессия жұмысына қатысады;
52 Республикалық маңызды қалада, елордада, облыстық маңызды қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерінен басқа мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
53 Республикалық маңызды қалада, елордада, облыстық маңызды қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерінен басқа мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
54 Өз құзыры шегінде елді мекендерді сумен қамту және су пайдалану мәселелерін реттеуді ұйымдастырады;
55 Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
56 Туысы жоқтарды жерлеу және зираттарды және өзге жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
57  Кәсіптік емес медиаторлардың тізбесін жүргізеді.
58 Аудандық орталықпен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу;
59 Мектепке дейін және ауылдық округке кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу;
60 Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мектеп дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
61 Мүгедектерге көмек көрсетеді;
62 Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
63 Дене шынықтыру және спорттың уәкілетті органымен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірге мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;
64 Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірге мәдени көпшілік және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;
65 Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
66  Халықтың әлжуаз жіктеріне қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
67 Денсаулық сақтаудың ауылдық ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуге жағдай жасайды;

35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы»

1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;

4-1) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына жергiлiктi маңызы бар мәселелердi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығарады;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгентәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

12-2) мүгедектерге көмек көрсетудi ұйымдастырады;

12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырады;

12-4) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

12-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;

12-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

21) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

22) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

1-1. Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң құзыреттерiне аудан орталығымен көлiк қатынасын ұйымдастыру жөнiнде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгiзу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейiн және кейiн қарай тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастыру да жатады.

1-2. Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгi жүзеге асырады.

1-3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз мүлiктiк жалға (жалдауға) бередi;

2) берiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындайды;

3) берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;

4) берiлген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

5) жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлетiн, басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiн келiседi;

6) басқаруына берiлген коммуналдық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын белгiлейдi;

7) берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекiтедi;

8) кiрiс көздерiн қалыптастырады;

9) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда әкiмдердiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етедi;

10) бюджет қаражаттарын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

11) жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарын бекiтедi;

12) мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi.

2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.

3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.

Ескерту. 35-бапқа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгiзiледi), 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.22 N 255, 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

Жаңалықтар

Ақпараттық хабарлама
19.12.2023

Ақпараттық хабарлама

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және уақытша өтеулі жер пайдалану (шаруа немесе ферм

Ақпараттық хабарлама
13.10.2023

Ақпараттық хабарлама

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ 10 жыл мерзімге мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы ж

Қоғам мен мемлекеттің сенімін ақтау – мемлекеттік қызметшінің басты міндеті
16.05.2023

Қоғам мен мемлекеттің сенімін ақтау – мемлекеттік қызметшінің басты міндеті

Бұл пост мемлекеттік қызмет туралы. Дәлірек айтқанда, мемлекеттік қызметтің оң имиджі мен беделін қалыптастыру туралы жарияланым сериясының жалғасы. Оқырманды мемлекет пен құқықтың

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
25.07.2022

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тихоокеан ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы (ZIP 12 Kb) «Со

КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды
14.07.2022

КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды

2022 жылы 14 шілде КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» 151000, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 1

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
17.06.2022

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ 10 жыл мерзімге мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы ж

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
01.07.2021

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ 10 жыл мерзімге мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
12.03.2021

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің  43-1-бабына және фермер  немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz